28.02.2020, 17:35
Оқылды: 63

Ән байқауы өтті-ау, бірақ...

   Ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай  Қаратөбе ауданының Жусандыой ауылында бүлдіршіндер арасында «Білімдіден шыққан сөз» атты аудандық байқау оздырылды.

jusandyoi (4)

Оған округтерден 18 үміткер қатысып, олар байқаудың шартына сай Абай өлеңдерін жатқа айтып, әндерін орындады. Сонымен «Ән» жанры бойынша шөптікөлдік бүлдіршін Мәдина Қаражан Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» және «Көзімнің қарасы» әндерін тамаша орындап, байқау жеңімпазы атанса, «Көзімнің қарасы» әнін шырқаған  қаратөбелік қос балғын Айару Мұрат пен Әмина Қуанышқызы ІІ және ІІІ орындарды иеленді. Ал «Көркемсөз» жанры бойынша Абайдың «Күз», «Бойы бұлғаң» өлеңдерін нақышына келтіре жатқа айтқан шөптікөлдік Ақнұр Ерланқызына жүлделі І орын бұйырса, ІІ және ІІІ орындарды жусандыойлық Айзере Ерболқызы мен қаратөбелік Жанайым Нұрлыбекқызы еншіледі.
jusandyoi (2)

Айта кетелік, байқау жеңімпаздарына І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар және алғысхаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
jusandyoi (5)

Бір әттеген-айы байқау барысында балаларды ән айтуға, көркем сөз оқуға баулу дәрежесінің өте төмендігі, өнерге бейім, қабілетті балаларды іріктеу жұмысының жеткіліксіздігі көзге ұрып тұрды. Осы жайды балғындарымыздың бағбандары болашақта ескерсе дейміз.

Ерболат Райсов,

 Қаратөбе ауданы   

  zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале