2.03.2020, 9:57
Оқылды: 43

Жәнібекте жол қауіпсіздігі жөнінде комиссия отырысы өтті

Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың төрағалығымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті.

janibek audany

Отырысқа аудандық полиция бөлімінің бастығы М.Қаташев, аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы М.Бапахов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Қуанәлиев, «Темір жол жөндеу» ЖШС-ының жоба жетекшісі Ерлан Серікболұлы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Хайырлиевтар қатысты. Мұндағы көтерілген мәселе - Чурин көшесіне жүк көліктерінің кіруіне шектеу қою. Биыл Қазталов – Жәнібек – РФ шекарасы аралығындағы республикалық маңызы бар жолды күрделі жөндеуге байланысты темір жол арқылы 40 мың тоннаға жуық жол құрылысы материалдары келіп, оны учаскелерге тасымалдау жұмыстары жүріп жатырғаны белгілі. Осыған орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, жағдаймен жұмыс орнына барып танысты.

А.Құсайынов

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале