Казталов ауданы Жалпақтал ауылында бағымсыз әрі қадағалаусыз, беймезгіл көше кезіп жүрген мал қамауға алына бастады.
Кеше, 26 наурыз күні жергілікті полицияның учаскелік инспекторы Жалпақтал көшелерін бүлдіріп, қадағалусыз жүрген сегіз ірі қараны оқшаулап, айып алаңына қамады.
Тексеріс барысында мал иелері анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Алдағы уақытта ауыл көшелерінде қараусыз жүрген мал көзге түсетін болса, әкімшілік хаттама толтырылып, мал иелері белгілі көлемде айыппұл төлейді.
Сондықтан ауыл тұрғындары өрістен қайтқан жеке малдарын көшеге бос жібермей, аулаларында ұстау керектігі қатаң ескертіледі.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер