29.03.2020, 8:57
Оқылды: 39

Сырымдық эпидемиолог блогпостта

Сырым аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының аса қауіпті аурулар бөлімінің эпидемиолог-маманы Бибінұр Мұхамбетжанова  Ресейдің Самара қаласымен шекарада Орал қаласынан 130 шақырым қашықтықта бақылау-өткізу санитарлық постында тұр. 7406FFEF-DDFC-4A91-86B3-F5E8CD182C1E

Облыстан 12 күнге постта тұру жөнінде келген бұйрықты эпидемиолог  сол күні-ақ орындауға кірісті. Блокпостта 12 сағат сайын екі эпидемиологтан тұрады екен. Бибінұр Жәрдемқызының қасындағы серігі – Теректі ауданының эпидемиолог-дәрігері. Олардың қызметіне  шекарадан өткен жолаушыларды, такси және ауыр жүк көлігінің жүргізушілерін қабылдау, термометриямен дене қызуын тексеру, сауалнама толтыру, қай категорияға жататынын анықтау кіреді. Келген адам  Германия, Латвия, Польша сияқты коронавирус жұқтыру қаупі өте жоғары елдерде болған болса,  қоғамдық тамақтану орындарына, дүкенге тоқтамай,  жанармай бекетіне ғана тоқтауға болатынын  ескертеді. Олардан 14 күн бойы үй карантинінде болатыны жайында қолхат алып қалады.

250CA63E-043F-46B2-8926-58719C86BF08

Бибінұр Мұхамбетжановамен телефон арқылы хабарласқанымызда, ол әйел эпидемиолог үшін жұмыстың қиындығын, алайда бастысы – халықтың саулығы екенін айтты.

      – Үйде отбасым,  ата-анам, қызым күтіп отыр. Нәзік жандылардан болсам да, коронавируспен майданда алдыңғы шепте жүрмін. Қазір бүкіл әлемнің, біздің еліміздің де бар назары коронавируста. Тек соның ғана соңғы ақпаратын күтіп отырады. Осындай қауіпті сын сағатта, ең алдымен, тәуекелге бел байлап, вируспен алғашқы жекпе-жекті өткізетін кім? Әрине, дәрігерлер, соның ішінде  санитарлық дәрігерлер мен эпидемиологтар. Қазір біз Ресейдің Самара қаласымен шекарада бақылау-өткізу жол кедергісінде, санитарлық постта тұрмыз. Түнгі ұйқыны, отбасыны ойлауға мұрша жоқ. Біз үшін бастысы – халықтың саулығы. Елдің  денсаулығын, амандығын бірінші боп қорғаймыз.

Постта тұрған дәрігерлерге дәл қазір халықтың басты көмегі – үйден шықпау болып тұр. Бізге ақшаның немесе негативті пікірдің еш қажеті жоқ.  Әлемдік ахуалды қалпына келтіру үшін  жанын салып қызмет етіп жүрген эпидемиологтарға халықтың кедергі келтірмегені, қолдауы аса қажет. Халық бізге жай ғана үйінде, отбасымен бірге болуымен көмектесе алады, – дейді эпидемиолог.

Шынар Молданиязова

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале