Кеше жеке кәсіпкер Берік Жүсіпов Ақтөбе облысы мен Қаратөбе ауданына шығатын тұсқа сақтық үшін қойылған блокбекеттегі адамдарға волонтер ретінде ыстық тағамымен түстік ас апарып берді.
Ешкімнің нұсқауынсыз, ешкімге ескертпей, жасаған жақсылығына жол бойында, желдің өтінде тұрған сақшылар қуанып қалды. Айта кетейік, бүгін блокбекетте аудандық полиция бөлімінің және аудан әкімдігінің қызметкері кезекшілікте тұрған еді.
Бұл ақпаратты бізге сол жердегі тәртіп сақшысы – Сырым ауданының полиция бөлімінің азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторы, полиция майоры Шайзада Жасталапова хабарлады.
Шынар Молданиязова
Сырым ауданы
zhaikpress.kz