5.04.2020, 11:26
Оқылды: 170

Сырымдық кәсіпкер блокбекетте тұрғандарға түскі ас апарып берді

Кеше жеке кәсіпкер Берік Жүсіпов Ақтөбе облысы мен Қаратөбе ауданына шығатын тұсқа сақтық үшін қойылған блокбекеттегі адамдарға волонтер ретінде ыстық тағамымен түстік ас апарып берді.

2BB6F125-8DB9-4772-9A5F-9965FF5FE6EB

Ешкімнің нұсқауынсыз, ешкімге ескертпей, жасаған жақсылығына жол бойында, желдің өтінде тұрған сақшылар қуанып қалды. Айта кетейік, бүгін блокбекетте  аудандық полиция бөлімінің және  аудан әкімдігінің қызметкері кезекшілікте тұрған еді.

4856E2AB-7952-49D4-BEE6-7C43D2F3E467

Бұл ақпаратты бізге сол жердегі тәртіп сақшысы –  Сырым ауданының полиция бөлімінің азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторы, полиция майоры Шайзада Жасталапова хабарлады.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале