9.04.2020, 17:47
Оқылды: 55

Ынтымақ-бірлігімізді бекемдей түсуіміз  қажет

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы  Н.Назарбаевтың "Бірлесе білген ел бәрін жеңеді" атты халыққа арнаған Үндеуімен мұқият таныстым. Нұрсұлтан Әбішұлы бұл жолы да туған елімен бірге екенін айқын аңғартып, ынтымақ пен бірлігімізді одан әрі бекемдей түсу қажеттігін ескертіпті.

952516C3-963D-43B7-A9C0-F82FF229B3B1

Бұл өте орынды да,  қай кезде де береке басы - бірлік қой. Біз Тәуелсіздік жылдары аясында бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жетсек, оның бәрі мынау бейбіт өмірдің, өзара ынтымақтастықтың көрінісі екені айқын. Төрткүл дүниені дүр сілкіндіріп тұрған мынау  аты жаман  індетті де күш біріктіре қимылдасақ,  ауыздықтай алатынымызға еш күмән жоқ. Әрі  мемлекетімізде жасалып жатқан түрлі сақтандыру шаралары оған айқын дәлел. Жергілікті жерлерде де  бұл жұмыс  кең етек жайып,  барлығы бақылауға алынып отыр. Әлеуеті төмен әлеуметке қолдан келген барлық көмек беріліп жатыр. Мұндай қиын-қыстау кезеңдер бұрын да болған, оған кәрі тарих куә. Әрине, қалыптасып отырған жағдай оңай емес. Сондықтан әрбір адам өзінің, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жауапкершілікпен, ерекше жанашырлықпен қарауы керек. Адамның өзіне деген сенімі  - үлкен күш. Елбасы өз мақаласында осыған айырықша мән берген. Біздің, үлкендердің міндеті соны жас толқынның санасына сіңіріп, дәл осы сәтте сабырлылық танытуға үндеу.

Төлеміс  Маушев

Жәнібек ауданы

Қамысты ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале