14.10.2015, 18:03
Оқылды: 29

Ардагерлер арасында теннистен сайыс

теннис настольныйБүгін Қайырымдылық айлығы аясында ардагерлер арасында үстел теннисінен сайыс өткізілді.

Құрметті еңбек демалысында жүрсе де, ардагерлер спорттан қол үзіп көрген жоқ. Олардың салауатты өмір салтын ұстануы жастарға үлгі болғандай. Жастары 70-ті алқымдап қалса да, ракетканы қолға ұстап, тез, ширақ қимылдауларынан байқалды.

Нәтижесінде қараобалық Амангелді Молдашев 1 орын, қазталовтық Уәлиолла Әбішев 2 орын, ал ақпәтерлік Ернияз Құспанов 3 орынды иеленді.

Сайысқа қатысқан ардагерлердің барлығына да алғысхаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

www.zhaikpress.kz

Гүлфия Көшбаева

Қазталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале