9.09.2016, 13:50
Оқылды: 71

Арпа мен астық өнімділігі артты

img_6153Шыңғырлау ауданына қарасты шаруашылық субьектілері 60 т  күздік бидай, 60 т  күздік қара бидай, 630 га жерге себілген  арпадан 968 т  астық  жинап алды. «-Жыл өткен сайын ауданымызда өрісі кеңейген мал шаруашылығы  үшін  күздік бидай мен  күздік қара бидайдың қажеттілігі де жоғары  және биылғы өнім де  тым тәуір»,- дейді  мамандар. Биылғы жаңбырдың  пайдасы сол - бидай шығымдылығы, нақтырақ айтсақ, күздік бидай- әр гектарға 12 центнерден, ал  арпа дәні-15 центнерден   өнім берді.

Биылғы жылы 2227 гектар егін алқабына   еккен  бидайды  жаздай күтіп,  баптап есесіне  әр гектарына  12,6 центнер  дән алып, 2812img_6170 т бидай  қамбаға  құйды. Дәннің өнімділігі алдын- ала жасалған агротехникалық  шаралардың тиімділігімен қоса жаз бойы жауған жаңбырдың көптігінен  болып оытр. Диқандар осы  науқаннан  алынған өнімнен  тұқымдық  дәнін де қамдап, келер  жылы егіндік аясын ұлғайтуды көздеуде.

 

 Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале