7.08.2015, 16:45
Оқылды: 25

Ақпараттық топ ауданда

Sirim 100 kadam   Елбасы Н.Назарбаевтың «Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 қадам» Ұлт жоспарын халық арасында түсіндіру мақсатында құрылған облыстық  ақпараттық топ мүшелері Сырым ауданының орталығы Жымпитыда болды.

Аудан жұртшылығымен болған кездесуге Бөрлі, Қаратөбе, Шыңғырлау аудандарының аудан әкімі аппаратының басшылары мен персоналды басқару қызметі бөлімінің басшылары, мәслихат аппаратының басшылары, сондай-ақ ауданға қарасты ауылдық округ әкімдерінің бөлім басшылары, мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Жиынды Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Сарсенов кіріспе сөзбен ашып, ауданға келген ақпараттық топ мүшелерін көпшілікке таныстырып, Ұлт жоспарының әрбір реформалық бағыты бойынша қонақтардың түсіндіру жұмыстарын жүргізетіндігін мәлімдеді.

Бұдан соң Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Арман Жалмағамбетовтың төрағалығымен өткен жиында ҚР Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Аманқос Жұбаныш мінбеге көтеріліп, Мемлекет басшысының Ұлт жоспарынан туындайтын реформалық бағыттарының негізгі міндеттерін жіктеп түсіндіріп, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын ала білу бағытында да кеңінен тоқталды. Басқосуда ақпараттық топ мүшелеріне түрлі деңгейдегі сауалдар қойылып, оларға толымды жауаптар қайтарылды. Кездесуді облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Арман Жалмағамбетов қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

Мүсірбек Айташев

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале