13.10.2015, 14:03
Оқылды: 25

«Балаға мейірім сыйла!»

тренингҚазталов аудандық орталықтандырылған кітапхананың балалар бөлімінің ұйымдастыруымен  педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінде білім алып жатқан балалар арасында «Балаға мейірім сыйла» атты тренинг өткізілді.

Кітапханашылар балалар арасында «Жүрек жылуы», «Жақсы мен жаман», «Қайырымды бала» тағы басқа да тақырыптар төңірегінде ойын тренигтерін жасады әрі қарапайым тілде әңгімелеп берді.

Сонымен қатар балаларға дастархан әзірлеп, оларды бір қуантып тастады.

www.zhaikpress.kz

Гүлфия Көшбаева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале