4.11.2015, 12:07
Оқылды: 37

Батысқазақстандықтар қол күресінен өткен Азия кубогынан олжалы оралды

Sport inform   Батысқазақстандық спортшылар Тараз қаласында қол күресінен өткен ашық Азия кубогы жарысынан олжалы оралды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Кенжеқыз Қаупенова 70 келі салмақта қыздар арасында екінші, әйелдер арасында үшінші орынды иеленді. Әсел Жұмағамбетова 70 келіден жоғары салмақта қыздар мен әйелдер арасында күміс медальдарды олжалады. Мейрамгүл Ақашева  65 келіде қыздар арасында екінші, әйелдерден үшінші жүлдені еншіледі.

Ерлер арасында Амангелді Үмбетов 57 келіде, Эльдар Хамзин 75 келіде қола жүлдені жеңіп алды.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале