4.11.2015, 19:21
Оқылды: 23

Бекем істің берекесі

Akajayik bekem istin berekesi  Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес – 2020» бағдарламасы саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ауыл шаруашылығын дамытуға серпін бергені сөзсіз. Осы бағдарламаға сай өзгеге өнегені «Нығымет» шаруа қожалығынан табуға болады.

Ақжайық ауданының Ақжол ауылдық округінде 1998 жылы құрылған қожалық жетекшісі Зайдок Өтеғалиевтың әкесі Нығымет, анасы Сұлухия кезінде балаларын еңбекқорлыққа тәрбиелеуде нағыз үлгілі отбасылардың бірі ретінде ерекшеленген.

Әкелерінің атымен аталатын «Нығымет» шаруа қожалығы Тінәліден қол созым жерде – «Антошка» қыстағында орын тепкен. Жер көлемі – 4770 гектар. 310 бас ірі қара, 140 бас жылқы бағылуда. 100 шақты қой-ешкі тағы бар. Биылғы өткен айларда 114 бас бұзау, 20 бас құлын алынды. Зайдок тірлік жайын одан әрі нығайту үшін «Сәбит» шаруа қожалығынан (Алғабас) 90 бас асыл тұқымды қашар сатып алды. Қазір олар жайылымда жүр. Күйі керемет, жылтырап қалған. Өткен жылы жылқы шаруашылығын кредиттеу мақсатындағы «Құлан» бағдарламасы бойынша 11 млн. несие алып, оған 43 бас қылқұйрық сатып алды. Сөйтіп, сиырдың да, қылқұйрықтың да тұқымын асылдандырып, ғылыми жетістіктерге сүйеніп, еңбек етуде.

Күні бүгін ірі қараны бор-дақылауға арналған арнайы жобамен салынған алаңда 300 бас жемдеуде тұрса, болашақта 800 бас мал күтімге тұрады. Қосымша тағы мал сатып алу жоспарға енген. Жылқы малын жемдеу үшін де бордақылау алаңын іске қосу ойында. Яғни, өзінің мал шаруашылығын кешенді дамыту арқылы бәсекелестіктің кілтін қолға ұстаған.

www.zhaikpress.kz

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале