19.10.2016, 16:20
Оқылды: 70

БҚО полиция қызметкерлері тағы бір кезекті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

%d1%82%d3%99%d1%80%d1%82%d1%96%d0%bf%d1%82%d1%96-%d1%81%d0%b0%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%bf-%d1%86%d0%b8%d1%80%d0%ba%d0%ba%d0%b5-%d0%b1%d0%b8%d0%bb%d0%b5%d1%82-%d0%b0%d0%bb  БҚО ІІД Әкімшілік  полиция басқармасының қызметкерлері  қаламызға келген цирк өнерпаздарымен бірлесе отырып акция өткізді. Шара барасында көлік құралдарын тексеріп, автокресло бекітілген көлік иелеріне немесе автокресломен балаларды тасымалдаған жүргізушілерге жуырда өтетін Ресей елінің Красноярск қаласынан келген цирк сайқымазақтарының ұсынуындағы керемет көрініске тегін екі бірдей билет ұсынылды.


 Мұндағы мақсат – жол үстінде орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, балалардың қатысуымен болатын жол апаттарына жол бермеу, автобесік құралдарын тиімді қолдану, түрлі сый-сияпаттар ұсына отырып, жүргізушілерді жол тәртібін сақтауға шақыру болатын. Шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де ат салысты.

Зулаған көлік қатарынан тәртіп сақшылары кез-келгенін тоқтатып, жолда жүру тәртібін қатаң сақтап, балалармен жүргендердің сақтау құрылғыларын тексерді. Кенеттен тоқтатқандарына түсініссіздік танытқанмен, артынан күтпеген сайқымазақтардың ұсынған сыйлықтарына жүргізушінің өзі де балалары да мәз болып қала берді. Сайқымазақтар бүлдіршіндерге жолда жүру ережесін қатаң сақтау қажеттілігін түсіндіріп, егер әрқашан тәртіппен жүрсе үнемі сыйлыққа кенелетіндерін айтып, күлдірді.

«Мұндай акциялар жиі өткізіліп, сыйлықтар ұсынылса, алдымен көңіліміз көтеріліп, екіншіден жүргізушілер жол үстінде жол ережесін қатаң сақтауға ұмтылар еді» -  деді жүргізушілердің бірі өз пікірін білдіріп.

«Азаматтардың жол ережесін қатаң сақтауына үлес қосып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Осындай игі шараға өткізуге мұрындық болып, қолдау көрсеткені үшін қаламызға келген цирк майталмандарына ризашылығымызды білдіреміз», - деді БҚО ІІД ӘПБ аға инспекторы Нұртай Лезов.

Асылай Губашева

БҚО ІІД баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале