10.03.2016, 15:47
Оқылды: 31

Бөкей Ордасы ауданында медиация кабинеттері ашылды

 Bokei mediacia  Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Ә.Әметовтың тапсырмасына сәйкес, медиация институтын өркендету және ауыл тұрғындары арасында кеңінен тарату мақсатында Орда, Бисен және Мұратсай ауылдарында аудан әкімі аппаратымен бірлесе отырып Бөкей Ордасы аудандық сотының жергілікті әкімшілік ғимаратында медиация кабинеттерін ашу туралы көшпелі кездесулер өткізілді.


Кездесулерде ауылдық округтерінің әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мамандары және кәсіпқой емес медиаторлар қатынасты.

Жиың барысында Бөкей ордасы аудандық сотының судьясы С.Т.Худайбергенов Елбасымыздың «100 нақты қадам» атты 5 институционалдық реформаларына қатысты және жаңа қолданысқа енген Азаматтық процестік кодексіндегі татуластыру рәсімдерін қолдану, яғни медиация тәртібі бойынша дауды реттеу туралы қағидалары жөнінде баяндамалар жасады және қатысушыларға Медиация рәсімі туралы бүктемелер таратылды.

Кездесу мүшелерін медиация кабинетінің ашулыумен құттықтап, жаңа бастамаларда сәттілік тілеп, судья С.Т.Худайбергенов аталған шаралардың маңыздылығын және ауылдастар арасында туындаған дауларды реттеу мәселесінің қажеттілігін айтып өтті.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале