11.12.2015, 20:43
Оқылды: 28

Жалпақталдың бас жоспары талқыланды

Jalpaktaldin bas jospari

    11 желтоқсан күні Жалпақтал ауылдық округінің мәдениет үйінде аталмыш округтің бас жоспарын жасақтау бағытында қоғамдық тыңдау өткізілді. Облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы Ержан Нұрлыбайұлы, Астана қаласындағы «Қолдау» ЖШС-нің бас архитекторлары Дархан Оразбаев, Евгений Перфилев, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, мекеме-кәсіпорын басшылары, мәслихат депутаттары, ауыл тұрғындары қатысты.


Жиында баяндама жасаған «Қолдау» ЖШС-нің бас архитекторы Дархан Оразбаев:

–Бүгінгі қоғамдық тыңдауға «Жалпақтал ауылдық округінің бөлшекті жоспарлау жобасы және топографиялық түсірілімі бірлескен бас жоспарын жасақтау» жобасының «Қоршаған ортаны қорғау» тарауын тал-қылау мәселесі ұсынылып отыр. Бұл тыңдаудың мақсаты – қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығына әсер ететін жобаларды халыққа таныстыру және белгілі бір шешімдер қабылдау процесін-де жұртшылықтың құқықтарын іске асыру, – деді.

Осы жиында аудандық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Мұқанова Жалпақтал ауылының бас жоспарын егжей-тегжейлі айтып, халықтың ұсыныс пікірлерін тыңдады. Осы жиынды пайдаланған ауылдастар өздерінің ұсыныстарын айтып, алдағы уақытта бас жоспарға жағажай, ауа-райын болжау станциясының орнын өзгерту, Ғ.Әнесов көшесіне балабақша, мектеп салу секілді тағы да басқада ойларын ортаға салды.

Ал, «Қолдау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас архитекторының түсіндіруінше, Жалпақтал ауылында орындалатын шаруашылық шараларының әлеуметтік маңызы зор. Барлық шаралар ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға арналған. Және қай шараны алып қарасаңда барлығы табиғатты қорғап, мүмкіндігінше зиян тигізбеуге бағытталған. Жалпақталдықтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алдағы уақытта Жалпақтал ауылдық округінің бас жоспарын қайта қарап, алдағы уақытта бекітілетінін жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале