27.09.2016, 11:33
Оқылды: 14

«Жас барыс» турниріне қатысты

%d0%b6%d0%b0%d1%81-%d0%b1%d0%b0%d1%80%d1%8b%d1%81-%d1%82%d1%83%d1%80%d0%bd%d0%b8%d1%80%d1%96%d0%bd%d0%b5-%d2%9b%d0%b0%d1%82%d1%8b%d1%81%d1%82%d1%8b   Орал қаласында қазақ күресінен 1999-2000, 2001-2002 жылғы жасөспірімдер арасында «Жас барыс» облыстық іріктеу турнирі өткен болатын. Аталған жарысқа қаратөбелік жас палуандар да қатысып, табыспен оралды.

  Ұлттық спортты насихаттауға, облыс құрамасын жасақтауға арналған додаға Қаратөбе аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері қатысты.


  Жарыс қорытындысында 46 келі салмақта Жақсылық Болат, 51 келі салмақта Арман Асылбекұлы, 66 келі салмақта Есқабыл Әлихан, +81 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен Бекзат Мақашовтар жүлделі ІІІ орынды иемденді.

   Күрес өнерінің қыр-сырына шәкірттерін баулыған аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Роман Сыдықовтың еңбегін атап өткен жөн.

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале