22.12.2015, 21:54
Оқылды: 28

Жаңақала ауданында бөлім басшыларының есебі тыңдалды

Jankakala bolim basshilarinin esebi   Жаңақала ауданында жыл аяқтала бөлім -мекеме басшыларының есебін тыңдау дағдыға айналған жұмыс. Бүгін аудан әкімі Лавр Хайретдиновтің төрағалығымен аудандық сәулет, қала құрылы және құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және «Коммуналь» мекемесінің есептері тыңдалды.


 Жыл басынан ауданда мектептер салынып, инженерлік желілер тартылып,  жеке тұрғын үй құрылысы артқан. 2015 жылы ауданның құрылыс саласын дамытуға бюджеттен барлығы 335 655,946 мың теңге бөлінсе, оның 64 362,690 мың теңге қаржы республикалық бюджеттен, 271 293,256 мың теңге қаржы жергілікті бюджет қаражатынан бөлінген. Оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген 64 362,690 мыңтеңге қаржыға Жаңақала ауылының батыс аймағындағы жер телімдерін газдандыру жұмысына, жергілікті бюджеттен бөлінген 271 293,256 мыңтеңге Жуалыой және Сарыкөл ауылындағы мектептер құрылысын салуға жұмсалған. Ерлан Абдировтің айтуынша жеке тұрғын үй құрылысы әлідеқарқынды дамуда. Тек аудан орталығы емес, қыстаққа заманауи үй тұрғызуда да аудан тұрғындары алда келеді. Сондай-ақ, 2016 жылға қойылған негізгі міндет - аудан халқының ең бір өзекті мәселесі «Құлшық» жер асты су көзінен ауыз су құбырын тарту, 19 коммуналдық тұрғын үй құрылысын салу, 38 коммуналдық тұрғын үйлердің инженерлік желілерінің құрылысын жүргізу, т.б.

Жаңақала ауданында биыл ауылішілік жолдар жөнделіп, Жаңақала-Чапаев тас жолының құрылысы аяқталды. Сондай-ақ табиғи техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға тиімді әрекет ету үшін арнайы 10 бірлік техника сатып алынды. Аудан бойынша жарияланған «Тазалық айлығы да» сәтті аяқталып, 8 сенбілік өткізіліп, оған аудан халқы толықтай тартылды. Ал күзгі-қысқы жылыту маусымына қажетті отын мекемелерге толықтай жеткізіліп, мекеменің жылыту қазандықтары толық тексерістен өткізілді. Қазіргі таңда ауданның шаруашылық-әлеуметтік кешендерінің жылу беру қазандықтары іске қосылып бірқалыпты жұмыс жасап тұр-деді өз есебінде бөлім басшысы Нұрлан Сырымұлы.

Ал «Коммунал» мекемесінің басшысы М. Батырхановтың есебі аудан әкімі тарапынан қанағаттанарлықсыз деп табылып, жыл басында қайта есеп беру тапсырылды.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Л.Хайретдинов арнайы тапсырмалар беріп, бөлім басшыларына жұмысты ширата түсуді тапсырды.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале