26.09.2016, 6:50
Оқылды: 65

Жол апатынан көліктер отқа оранып, 5 адам көз жұмды (ВИДЕО)

%d0%b0%d1%82%d1%8b%d1%80%d0%b0%d1%83  Орал-Атырау тас жолында бес адамның өмірін жалмаған көлік апаты болды.


      Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов апаттың орын алғанын растады.«Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында Орал-Атырау автожолының 208-210 шақырымында Mercedes жеңіл көлігі мен "ГАЗель" машинасы соқтығысты. Соққы салдарынан екі көлік те отқа оранды. Екі жүргізуші мен Mercedes-те болған үш жолаушы қаза болды», - деп анықтады Руслан Иманқұлов.

   Оқиға орнына БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, өрт сөндіру құрамы және ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Трассалық медициналық-құтқару бекетінің дәрігерлері шыққан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысының мәліметіне қарағанда, екі жүргізуші мен үш жолаушы апат орнында қаза болған. Тағы бір адам жарақатпен Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілген, жағдайы қалыпты ол ауруханаға жатудан бас тартқан. Қайтыс болғандардың арасында бір әйел адам бар, ол Mercedes көлігінің рөлінде болған. Араларындағы ең жасы 25-те.

   Редакцияға апат куәгерінен видео түсті:

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале