13.07.2016, 13:01
Оқылды: 30

Жоғары санатты дәрігерлерден құралған көшпелі жеделтоп жұмысын ұйымдастырды

 Balalardin densauligin tekseridi  «Аналар үйі» қоғамдық қоры жанынан ашылған бала асырап алушыларға көмек көрсету орталығы  мен «Жұлдызай» қайырымдылық қоры  жоғары санатты дәрігерлерден құралған көшпелі жеделтоп жұмысын ұйымдастырды.


    «Бөбектер» үйі мен «Балалар» үйіндегі мүмкіндігі шектеулі  бүлдіршіндердің денсаулығын тексеріп, оларды емдеу ісіне көмектесу мақсатында Астана қаласынан келген мамандар құрамында «Астана Медициналық  Университеті»  АҚ балалар хирургиясы кафедрасының доценті, профессор ассистенті, «BIЖұлдызай» қайырымдылық қорының үйлестірушісі Роза Қарабекова, Ұлттық оңалту орталығының неврапатолог-дәрігері Әлия Тәшетова, оңалту орталығының маманы Айсәуле Маханова және логопед-дефектолог маман Жанат Бисембаева бар.

    Өңірімізге келген бойдан астаналық дәрігерлер Зашаған кентінде орналасқан «Балалар ауылында» және «Аналар үйінде» болып, ондағы тәрбиеленушілердің хал-күйімен танысты, туғаннан науқас балалардың денсаулықтарын тексерді, дәрігерлік кеңестерін берді. Медициналық-әлеуметтік жобаны жүзеге асырушы көшпелі топ бейсенбі күні облыс орталығындағы Балалар үйі мен Бөбектер үйіне барып, аталған мекемелердегі  мүмкіндігі шектеулі балаларға дәрігерлік көмек көрсетпек. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл жоба облыстағы Балалар мен Бөбектер Үйінде тәрбиеленіп жатқан науқас балаларды оңалту және емдеу ісіне жұмсалатын   уақыт пен шығындарды азайтпақ.

www.zhaikpress.kz
Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале