14.08.2015, 11:37
Оқылды: 27

Жұртшылықпен жүздесті

жанибек кездесу«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының 2015 жылғы 30 қаңтарда бекіткен Бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру, ұйым жұмысының тиімділігін арттыру бағытында атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстыру мақсатында Ақоба, Ұзынкөл, Күйгенкөл ауылдық округтерінде кездесу өткізді.

Кездесу барысында Асхат Хамитұлы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің бастауыш партия ұйымы туралы ережені бекіту және үстіміздегі жылдың 16 желтоқсанына дейін «Нұр Отан» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауын өткізу туралы қаулысымен таныстырды.

«Нұр Отан» партиясының қатарына жаңадан қабылданғандарға салтанатты жағдайда партия билеттері табыс етілді.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале