8.02.2016, 18:23
Оқылды: 17

Зеленовта әуе доп сайысы аяқталды

????????????????????????????????????

     Зеленов ауданы Переметный ауылдық округі әкімдігі мен аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі аудан орталығындағы мекемелер мен бөлімдер арасында волейболдан жарыс ұйымдастырды. Бұл әуе доп сайысына 8 команда қатысты. Айналмалы жүйе бойынша өткен жарыста бір-бірімен ойнап шыққан командалардың ойындары тартысқа толы толы болды.


   Әр ұжым өзін жақсы қырынан көрсетуге тырысты. Тіпті жарыс фавориттері саналған ұжымдардың өзі де сүрініп жатты. Бір айға жуық уақытқа созылған жарыс қорытындысында ІІІ орынды аудан әкімдігінің командасы еншілесе, ІІ орынды Камень мектебі, ал І орынды Қасым Аманжолов мектебінің ұстаздары мен оқушыларынан құралған ұжым қанжығасына байлады. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мақтау қағаздары мен бағалы сылықтар табыс етілді. Жарыс барысында өзін жақсы қырынан көрсеткен С. Наконечный, Е. Абдолов, З. Сакпусунов, С. Шамешев, М. Исмағұлов, А. Сатаев, Р. Заяро және И. Берекетов сияқты ойыншылар да сыйлықсыз қалмады. Болашақта аталмыш турнирді дәстүрлі түрде өткізіп тұру жоспарланған.

Енді мекемелер мен бөлімдер қысқы футбол сайысына түсіп жатыр. Әр демалыс сайын «Олимп» стадионына жиналатын командалар аяқдопты да бір адамдай меңгергенін көрсетіп бағуда.

 www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале