22.12.2015, 13:09
Оқылды: 27

Зеленов ауданында биыл қыстаққа 140762 бас мал мен 291419 құс тұрған

Zelenov kis korkitpaidi    Зеленов аудандық ауылшаруашылық бөлімі берген мәліметі бойынша 2015-2016 жылғы қыстаққа 140762 бас мал мен 291419 құс тұрған. Бұл көсеткіштер өткен жылғымен салыстырғанда мал мен құс басының 107 пайызға өскендегін көрсетеді екен. Қазіргі таңда барлық ауылшаруашылық құрылымдары қыстаққа дайын.  Мал тұратын қоралар түгелдей жөндеуден өткен. Жыл басында 93100 тонна шөп дайындаймыз деген шаруалар жұмысты артығымен орындап, 94166 тонна шөп жинаған. Ал концетратталған мал азығына келер болсақ, қажетті деген 44441 тонна өнім толығымен дайын тұр. 

Бұдан бөлек малға қосымша азық ретінде пайдаланылатын сабанның да қажетті мөлшері жиналыпты. Қараша айы толығымен жайылымда болған мал қыстаққа тұрған 1 ай ішінде жиналған азықтың 4-5 пайызын ғана жепті. Өткен жылдан қалған 2482 тонна шөптің барын ескерер болсақ, қысқа дайындалған мал азығы толықтай жеткілікті деп айта аламыз екен.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале