11.11.2016, 16:50
Оқылды: 28

Қазталовта партия филиалының саяси кеңесі сайланды

%d0%bd%d2%b1%d1%80-%d0%be%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%82%d0%b8%d1%8f%d1%81%d1%8b-%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%be%d0%b2-%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b   «Нұр Отан» партиясының Қазталов аудандық филиалының конференциясы өтті. Конференцияда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Нұрлан Бекқайыр Қазталов аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2015-2016 жылдары  атқарған жұмысынан баяндама жасады.


   Бұл мәселе бойынша аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, Тереңкөл ауылдық округі «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрайымы Жанар Кәкімова, Бостандық ауылдық округінің әкімі Манарбек Сүндетов, аудандық  мәслихат депутаты, кәсіпкер Нұрлыбай Жолдыбаев, аудандық жастар кеңесінің төрағасы Райымбек Нұрекешов жарыссөзге қатысты.

   Конференцияда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов, партиялық ішкі жұмыстар, оны ұйымдастыру туралы хабарлама жасады.

    Конференцияда аудандық партия филиалының Саяси кеңесін сайланды.

   Сондай-ақ конференцияда облыстық партия конференциясына делегаттар сайланды.

   Конференцияға қатысушылар қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылдады.

Әсем БОЛАТ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале