20.11.2015, 14:51
Оқылды: 37

Облыс әкімі партия және тыл ардагерін қабылдады

 3  Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев партия және тыл ардагері Мақсот Батыровты 85 жасқа толуына орай қабылдап, құрмет көрсетті. Кездесуде Нұрлан Асқарұлы ақсақалға денсаулық пен бақыт тілеп,   гүл шоғы мен  алғысхат табыс етті.


2

1930 жылы Жалпақтал  ауылында өмірге келген Мақсот Қажығалиұлы 1954 жылы Алматыдағы зооветеринарлық институтты бітіріп, еңбек жолын Жәнібек ауданында қатардағы мал дәрігерлігінен бастады. Кейін 40 жылдан астам уақыт бойы Жәнібек, Жалпақтал және бұрынғы Чапаев, бүгінгі Ақжайық аудандарында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында басшылық қызметте болды. Қай қызметтерде болсын, М. Батыров адамдарға ілтипаты және зор ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түсті. 1990 жылы зейнет демалысына шықса да, қол қусырып отырмай, қоғамдық жұмыстан тыс қалған жоқ. 2001-2006 жылдары облыстық соғыс және еңбек ардагерлері ұйымы төрағасының орынбасары, ал 2006-2011 жылдары төрағасы міндетін атқарды.

-Мен Нұрлан Асқарұлына айрықша ризамын. Ілтипатпен қабылдап, құрмет көрсетті. Хал-жағдайымды, отбасылық ахуалымды сұрады. Бүгінгі өмір хақындағы өзінің ой-пікірлерімен бөлісті. Оған мың да бір рақмет! Өңір басшысына алғыс айтып, енді көтеріңкі көңілмен кетіп барамын, - деді БАҚ өкілдеріне берген аз-кем сұхбатында Мақсот Қажығалиұлы.

www.zhaikpress.kz

Серік ІЗБАСАРҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале