7.04.2016, 11:49
Оқылды: 50

Оралда ақын Талап Таймасұлының кеші өтті

Tallap Taimasyli     Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында ақын, ұстаз, республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпаз-жүлдегері, Жиембет жырау атындағы сыйлықтың иегері Талап Таймасұлының «Қоңыр тірлік, қоңыр жыр, қоңыр әуен...» атты әдеби-музыкалық кеші өтті.


Кеште ақын өлеңдерін балабақша бүлдіршіндерінен бастап мектеп оқушылары, оқу орны студенттері оқып, сөздеріне жазылған әндер эстрада, домбыра, баянның сүйемелдеуімен орындалды. Ақынның өзі де қолына домбырасын алып, толғауын айтып берді.

     Талап Таймасұлы кезінде айтыстарға да қатысты. Кейін жазба өлеңге бет бұрған ол зерттеушілік жұмыстарымен айналысты. Әсіресе, оралдық белгілі ақын Жанғали Набиуллиннің шығармашылығын саралап, арнайы еңбек жазды. Сонымен қатар «Ақ берен» жас ақындар мектебінде ұстаздық етіп, кейінгі толқынға бағыт сілтеп келеді.

     Кеште батысқазақстандық тарихшы-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұяқбай Рысбеков, ақындар - Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шолпан Қыдырниязова, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айсұлу Қадырбаева жылы лебіздерін білдірді.

      Айта кетейік, Қадыр Мырза Әлі атындағы орталықта ақын-жазушылармен кездесулер жыл басынан бері ұйымдастырылып келеді.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале