26.10.2015, 17:30
Оқылды: 33

Орталық саябақтың сәні артпақ

саябакЖалпақтал ауылының орталық саябағы соңғы үлгімен жаңартылып, барша халықтың демалыс орталығына айналғаны көз қуантады. Қоңыр күздің екі айында ауылдың тазалығына аса мән беріліп келеді. Мекеме-кәсіпорын басшылары қызметкерлерімен бірге сенбіліктер ұйымдастырып, көгалдандыру мен абаттандыру мақсатында күзде егілетін ағаштар отырғызылуда. Мұндай сенбілік Жалпақтал ауылының орталық саябағында ұйымдастырылды.

Сенбілікке жауапты Жалпақтал ауылдық округі әкімшілігі көшеттерді отырғызатын орындарды белгілеп, өздері «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, мамандарымен бірге ұйымдастыру жұмыстары ойдағыдай атқарылды. Ал сенбілікке келген адамдардың бірі шұңқыр қазып, көшеттерді отырғызып жатса, енді бірі ағаш түптеріне су құюда.

Жалпы Жалпақтал ауылына 1500-дей көшет отырғызылады деп күтілуде. Мұның ішінде мекеме-кәсіпорындардың Жалпақтал мешітінің айналасына ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары қарқынды жүруде. Бүгінгі таңда барлық мекеме, ұйым қызметкерлері жұмыла кірісіп кетті. Келер жылы орталық саябақта шаған, ақтерек, қарағаш, долана, үйеңкі ағашы бүршік жаратын болады.

-«Тазалық денсаулық кепілі» дейді. Ауылымыздың тазалығына аса мән берген жөн. Бүгінгі таңда орталық саябағымызға, мекеме-кәсіпорындардың айналасына тал-теректерді отырғызу жұмыстары жүруде. Ағаш егу тазалықтың белгісі ғой. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстауға жауапкершілікпен қараған дұрыс. Бұл – баршаға ортақ іс. Арнайы әкелінген ағаш түрлері саябақтың сәнін одан әрі арттырары хақ, - дейді ауыл әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы.

Ауылды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары әлі де жалғасын табуда. Бұл жұмыстарға белсене қатысу барлық ауыл тұрғындарының міндеті.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале