18.11.2016, 11:42
Оқылды: 28

Сот жүйесіндегі жаңа реформаларды түсіндіру мақсатында өткен семинар

 %d1%81%d0%be%d1%82-%d0%b6%d2%af%d0%b9%d0%b5%d1%81%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d0%b3%d1%96-%d0%b6%d0%b0%d2%a3%d0%b0-%d1%80%d0%b5%d1%84%d0%be%d1%80%d0%bc%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%80%d0%b4%d1%8b-%d1%82%d2%af Облыстық сот қызметкерлері сот жүйесіндегі  жаңа реформаларды түсіндіру мақсатында семинар ұйымдастырды. Бұған облыстық соттың төрағасы Бек Әметов пен сала мамандары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен кәсіпорын өкілдері және түрлі мекемелердің заңгер мамандары қатысты.


    Жиынды жүргізген облыстық соттың төрағасы Бек Әметов осы жылдың соңында судьялардың кезектен тыс 7-съезі өтетін айтып, осы үлкен жиында сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу мәселесі қарастырылатынын айтты. Сот төрағасының сөзінше, аталмыш съезде татуластыру және дауды сотқа дейін реттеу шарасын қолданудың аясын кеңейту жөніндегі мәселе де түпкілікті шешімін таппақ. Сот жұмысына енгізілетін бұл реформалардың негізгі мақсаты – елімізді дүниежүзілік стандарттарға сәйкестендіру, халықтың сотқа қолжетімділігiн арттыру болып табылады.

Семинар барысында облыстық сот төрағасы қатысушыларға сот процестері өтетін орындарды аралатып, арнайы бөлмелердің қазіргі заман талабына сәйкес жабдықталып жатқанын көрсетті.

    Жиналғандар медиаторлар мен адвокаттардың да бөлмелерін аралап көрді. Іс жүргізудің замануи тәсілдері болып табылатын бейнебайланыс құралдарын пайдаланудың тиімділігі жөнінде әңгімелеген Бек Әметов бейнебайланыс құралдарын сол жерде қосып көрсетіп, бұған нақты мысалдар келтірді. Бейнебайланыс құралдарын пайдалану арқылы сот жұмысында түсінік беруші куәгерлер уақыты мен қаражатын үнемдейді. Ол, сондай-ақ, медиация тәсілінің пайдасы жөнінде де айтты. Оның сөзінше, медиация тәсілі бүгінде ауылдарда кеңінен пайдаланылғанымен, қалада өте сирек қолданылады. Бұған кәсіби медиаторлардың жетіспеушілігі себепші болып отыр.

   Семинарда облыстық сот мамандары «Сот кабинеті» қызметінің тұсаукесерін өткізді. Олар онлайн режімі арқылы азаматтардың сотқа шағымдануына, хат жолдауға және сот істерімен танысуына болатынын айтып, бұл өзгерістердің сот қызметкерлері үшін де, тұрғындар үшін де өте тиімді екенін жеткізді.

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале