10.05.2016, 19:53
Оқылды: 35

Тұрғындарды толғандырған су мəселесі

IMG-20160510-WA0055-1Талдықұдық ауылының жанындағы су қоймасына там-тұмдап жиналатын Жайық өзені суын тұрғындар əлі күнге тұтынып отыр. Ауыл ақсақалы Ермек Аманғалиев облыс басшысы Алтай Көгіновпен кездесу барысында жер астынан тұщы су қорына зерттеулер жүргізілгенмен, табылмағанын айтты.


 

Қазіргі уақытта Талдықұдық су қоймасының тереңдігі тайыз, 2 текше метр су ғана жиналады. Тұрғындар шағын су сорғысымен ауылдағы су құбырларына жіберілетін суды пайдалануға мəжбүр.
Егер Киров-Шежін магистралін жаңғыртудың 3-кезеңіне аяқ басқанда ғана, су қоймасына келетін арнаны кеңейтіп, қойма сыйымдылығын 8 текше метрге кеңейтуге болады. ҚР Сенат депутаты Рашит Ахметов республикалық бюджеттен қаржы бөлінсе, Ресейден Еділ өзені арқылы босатылатын суға кететін шығынды үнемдеуге болатынын айтты.
"Биыл Киров-Шежін магистральды арнасын 55 шақырымын кеңейтіп тереңдету аяқталады. Енді екінші кезеңі бойынша магистральдың 75-ке жуық шақырым бөлігін жөндеу үшін 854 миллион теңге қажет. Алдағы уақытта бұл күрмеуді шешу жолын қарастырамыз. Егер үлкен магистральді жөндеу сəтімен жүзеге асса, Ақжайық, Тасқала, Қазталов аудандарында 40 мың гектардан суармалы жер жанданады", - деді облыс əкімі Алтай Көлгінов.

www.zhaikpress.kz

Нұртай Текебаев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале