15.11.2016, 11:26
Оқылды: 23

Филиал жұмысы оң бағаланды

%d0%ba%d0%be%d0%bd%d1%84%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%bd%d1%86%d0%b8%d1%8f«Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалының кезекті ХХІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. 

Филиал төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез ашып, жүргізіп отырды. Орталық аппарат ұйымдастыру-бақылау жұмыстары департаментінің инспекторы Жанар Мәшенова қатысты.

18 қарашада Нұр Отан партиясының облыстық конференциясына қатысатын делегаттары анықталып, саяси кеңестің жаңа құрамы ұсынылып, бір ауыздан мақұлданды. Сондай-ақ Серік Кенжебекұлы филиал жұмысына оң бағасын берсе, Санжар Жұматайұлы бір топ партия белсенділеріне алғыс хаттар табыс етті.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале