11.12.2015, 20:17
Оқылды: 28

«Ядролық қарусыз ғасырға»

Iadrolik karuuu   Қадыр Мырза Әлі атындағы Мәдениет және өнер орталығында Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай, «Ядролық қарусыз ғасырға» атты республикалық конференция өтті.


   Бұған еліміздің түкпір-түкпіріндегі «Семей-Невада» халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың өкілдері және  жергілікті мемлекеттік орган мен  ҮЕҰ қызметкерлері  қатысты.  Конференция барысында  «Семей-Невада» халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың өкілдері сөйлеп, олардың әрқайсысы осы бағытта  өз аймағында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.  Аталмыш конференцияға Алматыдан арнайы келген қозғалыстың вице-президенті Ефим Зуслин полигон зардабын жою бағытында өңірімізде  атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалап, «Семей-Невада» халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың облыстық бөлімшесінің төрағасы Мағжан Бисенғалиевке «Ерен еңбегі үшін» медалін табыс етті. Сондай-ақ, ол қозғалыс жұмысын қолдап, полигон зардабын жоюға аса маңыз беріп отырған өңір басшысы Нұрлан Ноғаевқа, осы бағытта белсенді жұмыстанып жүрген облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Жамал Ихсановаға, ҮЕҰ өкілі Айгүл Түркинаға, қозғалыс ардагерлері Асқар Атаевқа, Еламан Әйпішевке және тағы басқа да қозғалыс мүшелеріне ризашылығын білдіріп, «Семей-Невада» халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыс атынан медальдар мен алғысхаттар және мақтау қағаздарын табыс етті.

   Ефим Львович полигон зардаптары тақырыбындағы республикалық конференцияның елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырғанын айтып, республика бойынша мұндай басқосуды  ұйымдастыруды алғашқы болып бастаған батысқазақстандықтарға ризашылығын білдірді. Аталмыш конференцияны облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Батыс Қазақстан облыстық Семей ядролық сынақ полигоны мүгедектері Қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале