28.04.2016, 21:49
Оқылды: 25

Қазақстандық үлес мәселелеріне жете мән берілмек

adfdffdf     Облысымызға келген ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың сапары түсқайта Ақсай индустриалды паркінде жалғасты.

     Министр аталмыш кәсіпорынның жұмыс барысымен танысқан соң, осы мекеме базасында ұйыстырылған қазақстандық үлес мәселелеріне арналған кеңейтілген жиынға қатысты.


     Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов бұл шараның маңызы өте зор екенін атап өтті. «Бүгінгі таңда Қарашығанақ кенішін кеңейту жұмыстары жоспарлануда,-деді ол. -Бұл жобаға байланысты біз үлкен үміт артып отырмыз. Яғни жұмыс орны мен салық көлемінің артуына мүмкіндік туғызбақ. Елбасы Жолдауында да аталмыш мәселелерге жете мән берілген».

     Содан кейін ҚР Энергетика министрінің орынбасары Мағзом Мырзағалиев еліміздегі мұнай сервисі қызметінің бүгінгі жағдайы мен болашақтағы жоспарлар жөнінде баяндама жасады.

     Өз кезегінде сөз алған ҚПО б.в. компаниясы бас директорының орынбасары Марат Кәрімов ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін ҚПО тарапынан 121 млн. теңге төленгенін айтты. Бұл жалпы төлем қаржысының 46 пайызы. Компаниядағы қазақстандық персонал биылғы сәуір айында 92 пайызға жетті.

     Жиын барысында сондай-ақ, ТШО, НКОК компанияларының басшылары да бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстары турасында баяндады. Қазақстандық компаниялар атынан «Ақсайгазсервис», «Жігермұнайсервис», «АтырауНефтеМаш», «Казбургаз» ЖШС-лардың жетікшілері кеніштерді игеріп жатқан шетелдік компанияларымен арадағы байланыстарына тоқталды.

     -Бүгін қазақстандық үлеске байланысты біраз мәселе айтылды. Біз ол мәселелер бойынша жұмыс істейміз. Жалпы соңғы он-он бес жыл ішінде мұнайгаз саласында құрылыс нысандарын салу жағы жаман емес. Оның 75 пайызы қазақстандық үлес болып табылады. Оны тағы да көтеруге мүмкіндік бар. Теңіз кенішін кеңейту жобасында мұндай шаралар қарастырылған. Қарашығанақ кенішін кеңейту жобасында да бұл мәселелер ескерілетін болады,-деді жиынды қорытыныдылаған ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале