2.05.2024, 15:38
Оқылды: 66

1000 бас мал шығыны өтелді

Су тасқыны салдарынан 2 342 бас мал шығынға ұшыраған. Оның 341-і ірі қара, 63-і жылқы, 1 741-і жандық болса, 116-сы шошқа және 81-і үй құсы. Оның орнын толтыру жұмысы да жүріп жатыр. Өңірлік комуникациялар алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов тасқыннан өлген малдың орны қалай толтыратыны жайында баяндады.

WhatsApp Image 2024-05-02 at 15.07.08

- Қазіргі таңда, шығындарды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр. Мал шығынын өтеуге облыстық бюджет резервінен 187,5 млн. теңге бөлінді. Күні бүгін 141 өтініш білдірушіге 126,9 млн. теңге көлемінде қаражат беріліп, 1000 бас мал шығыны өтелді, - деді Тілепберген Ерсайұлы.

Брифинг барысында облыс әкімінің орынбасары материалдық мүлікті өтеудің жоғарғы шекті құны 150 АЕК болып белгіленгенін де атап өтті. Ол 553,8 мың теңге. Материалдық мүлікті өтеу тиісті бағалау жұмыстары өткізілгеннен кейін жүргізіледі.

Басқосуда Тілепберген Ерсайұлы шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген мүліктік нұқсанды өтеу және бизнеске келтірілген шығынды анықтау арнайы құрылған комиссияның жауапкершілігінде екенін ерекше атап өтті.

Қазіргі санаққа жүгінсе жалпы 100 кәсіпкерлік субъектісіне нұқсан келген. Оның 24-і Бәйтерек, 37-сі Теректі, 7-і Сырым, 8-і Қаратөбе, 8-і Бөрлі аудандарында болса, Орал қаласында 16 бизнес субьектісін су басқан.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале