2.05.2024, 15:40
Оқылды: 68

Несие төлемдері кейінге шегерілді

Су тасқынынан зардап шеккендердің несие төлемдері 2024 жылдың 1 сәуір мен 30 маусым аралығында 3 ай мерзімге кейінге қалдырылады. Су тасқыны салдарының кесірінен туындаған төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді.

WhatsApp Image 2024-05-02 at 16.13.02

- Күні бүгінге, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен 7 мыңнан астам зардап шеккен адамның қарызды төлеу мерзімін кейінге шегеру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Оның 4 мыңға жуығы саяжай тұрғыны, - деді өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов.

Аталған шығындарды өтеу шаралары  тұрғындардың тұрғын үй жағдайын жақсарту емес, төтенше жағдай салдарын жою болып табылады.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале