21.07.2016, 11:04
Оқылды: 32

Қазталовтықтар қымызға қарық болуда

IMG_9880Қазталов ауданында шаруаларын шалқытып, ен даланың төскейін малға толтырған шаруа адамдары малдан алған өнімдерін халыққа ұсынуда. Солардың бірі – Ақпәтер ауылындағы «Қамқор» шаруа қожалығы жетекшілері Мұрат, Самат Хасановтар. Олар ірі қара, еділбай қойы және «Көшім» жылқысын өсірумен айналысуда. Айта берсек, Хасановтардың жетістіктері көп.

Енді міне аудан орталығындағы  «Дәулет» дүкенінде  Хасановтардың қымызы сатыла бастады. Қымызының дәмін татып көрсең бал татығандай...

Сөйтіп аудан орталығында бүгінгі күнде Нұрлыбай Жолдыбаевтың, Жанболат Ақсаловтың, Марат Хасановтың бал татыған қымыздары дүкен сөрелерін толтырып тұр.

Аптап ыстықта неше түрлі қоспа қосылған сусындарды алып, қаражат жойғанша денсаулыққа пайдалы ұлттық өнімімізді пайдаланайық, ағайын!

Әсем БОЛАТ

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале