5.02.2016, 15:44
Оқылды: 21

Қаңтар айында тауарлар өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 1,3%-ға өсті

 Bagasi02  2016 жылдың қаңтар айында облыстың тұтыну рыногындағы тауарлар мен қызметтердің бағасы 2015 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 1,3%-ға өсті.

   Батыс Қазақстан облысы статистика департаментінің мәліметінше, балық және теңіз өнімдері - 0,5%-ға, ұн-0,8%-ға, қышқыл сүт өнімдері -1%-ға, сүт, ірімшік және жұмыртқа - 2,7%-ға, темекі өнімдері-3,6%-ға ,құмшекер - 4,8%-ға, жемістер мен көкөністер 6,3%-ға өсті. Картоп 7,1- %-ға қымбаттады. 


   Үстіміздегі жылдың қаңтар айында азық-түлік емес тауарлардың бағасы көтерілді, бұл тас көмір-1,8%, автомобилдер бағасы-2,8%-ға, дизель отын бағасы 1,1%-ға қымбаттаса, бензин 0,3%-ға арзандаған.

   2016 жылғы қаңтар айында жолаушылардың темір жол көлігі - 4,4%-ға қымбаттады.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале