26.05.2024, 16:00
Оқылды: 2

Түлек сағынышы

Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округіне қарасты Әйтиев ауылында тұратын Гүлмира Сарбөпеева мектеп кезін сағынышпен еске алады.

IMG-20240526-WA0011

- 1977 жылы Әйтиев ауылында тудым. 1994 жылы мектепке бардым. Сыныбымызда Әйтиев, Магистральный, Пойма ауылдарынан жиналған 25 оқушы болатын. Орыс сыныбын бітірдім. Сынып жетекшім Алиса Тубетова болды. Биыл, міне, мектеп бітіргенімізге 30 жыл толды. Қазір бәріміз жан-жақтамыз. Бірақ сонда да байланысымызды үзген емеспіз. Әлеуметтік желі арқылы хабарласып тұрамыз. Барша түлектерді мерекемен құттықтаймын. Бала кезде бірге өскен достарыңызды естен шығармаңызар, - дейді Гүлмира Сансызбайқызы.

FB_IMG_1716722561517

Сүйікті мектебінен аттанғанына 30 жыл толған Гүлмира Сансызбайқызы 14 жылдан бері Әйтиев бастауыш мектебі ішіндегі шағын орталықта тәрбиеші болып қызмет атқарады. Атаулы күнге орай сыныптастарымен жүздескелі отыр екен. Қайта келмес, ғажап естелікке толы мектептегі күндерін сағынатынын жеткізді.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале