11.07.2016, 18:44
Оқылды: 200

Құрманғазы Қараманұлы – туған өлкеде

Құрманғазы Қараманұлы – туған өлкеде   Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қарымды қаламгер, аудармашы Құрманғазы Қараманұлы араға екі жыл салып, "он үш жасарлық" ақбоз атына мініп, туған өлкесі Егіндікөлге келді. Бірақ "айтпай" келді. Онысы өз алдына бөлек əңгіме...

   Белгілі қаламгер сапарының бірнеше күнін кербез сұлу Қалдығайты өзенінің бойында өткізбек.


  Сонымен қатар, сапар барысында қаламгер ағамыз аудан орталығына, бірқатар елді мекендерге соқпақ ниетте.

   - Алматының маңында өзен көп. Бірақ оның ешбірі менің Қалдығайтыма жетпейді. Қалдығайты – менің өмірім. Қалдығайтыдан əріректе тұрған шағылдың үстінен бір бөлмелі үй тұрғызсам деген арманым бар. Сол үйге жылма-жыл мамыр-қыркүйек айларында келіп тұрсам ғой, шіркін! - дейді қаламгер.

  Болмыс-бітімі бөлек, даңғаза тірліктен ада, жаны табиғатқа ғана іңкəр ағамызды жасы жетпістің екеуіне шыққанда елге жетелеген жалғыз-ақ нəрсе бар. Ол – туған жерге деген сағыныш.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале