19.10.2015, 17:05
Оқылды: 22

Құтқарушылар қызметіне – 20 жыл!

ЧСҚұтқарушылар күніне  орай  қалалық Жастар мәдениет үйінде мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен қала әкімі Алтай Көлгінов арнайы келді.

Шара барысында ҚР Ішкі істер министрі, генерал-полковник Қ. Қасымовтың құттықтаухаты оқылды.

Бұдан соң бір топ үздік құтқарушыға облыс әкімі атынан алғысхаттар табыс етілді және бір топ қызметкер ҚР ІІМ-нің марапаттарына ие болды.

Олардың қатарында облыстық төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, подполковник Рашид Блялов, аталмыш департаменттің бөлім бастығы, капитан Марс Отаров, ең ауыр жол таңдамайтын «Трекол» автокөлігінің жүргізушісі, құтқару жасағы құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Батырбек Тілегенов және басқа да қызметкерлер бар.

Тағы бір айта кететін жәйт, мерекелік кеште аталмыш департамент басшысы Марат Кульдиков мамыр айында екі қызды судан құтқарған 8-сынып оқушысы Никита Тюкинге «Ерлігі үшін» медалін тапсырды.

Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

www.zhaikpress.kz

 Айша ӨТЕБӘЛІ,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале