16.06.2016, 13:50
Оқылды: 29

Өзгелерге үлгі боларлық игі бастама

????????????????????????????????????

Ауылдың көркею жолында үлес қосуды мақсат тұтқан Көгеріс ауылының азаматтары игі бастама көтеріп, ауылдарында Мәдениет үйін салмақшы.


Көгеріс ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Боранбай Сарбупеевтың бастамасымен қолға алынған құрылысқа ауыл белсенділерінің білек сылана кірісті.

Жеке кәсіпкер Боранбай Сарбупеев өз сөзіндеаудан әкімі Абат Шыныбеков Мәдениет үйінің іргесі қаланған соң, бітпеген жұмыстарды аяқтау үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлінетіндігін тілге тиек етті.

Көлемі 9x30 метрді құрайтын Мәдениет үйінің құрылысына ауыл  азаматтары: «Қадыр Жан – Қанат» ЖШС-нің директоры Қанат Қатжанов 50 000 теңге, Көгеріс негізгі мектебінде қойма меңгерушісі Бөкенбай Рахманкулов 40 000 теңге, жеке кәсіпкер «Дария» дүкенінің иесі Бағдат Төреғалиев пен жеке кәсіпкер Мереке Менжанов 20 000 теңге және Байжан Изимов, Қуантай Журғалиев, Медет Мұқанов, Ізім Елдос, Ерік Мұқанбетқалиев, Есболат Байғалиев, Мейрам Рахманкулов, Қанат Аманғалиев,Рашит Изимов, Болатбек Лұқпанов, Төлеген Төреғалиевтарәр қайсысы 10 000 теңгелей, Әбілсейіт Сапаров, Болатбек Каналиев, Жасталап Батырғожин, Жасұлан Какимов, Ербол Есенжолов, Орынғали Абдуғалиев сынды азаматтар 5 000 теңгеден қаржылай көмек көрсеткен.

Құрылысты салуға көмек көрсетіп жатқан ауыл тұрғындарын тамақпен қамтамасыз ету жағынан Менжан Рахманкулов, Ақылбек Лұқпанов, Елеусіз Есалиев, Абылай Рахманкулов сынды ауыл өміріне бей-жай қарамайтын азаматтар әр қайсысы қой берсе, ел азаматтарының отаналарыақ дастархандарын жайып, ыссы тамақпен қамтамасыз етуде.

www.zhaikpress.kz
Үміт Жәңгірова
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале