25.03.2020, 17:11
Оқылды: 104

​ Төтенше жағдай режимін бұзғандарға жауапкершілік


БҚО прокуратурасы төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

AB3D98CA-E5D4-46F4-BEFF-962B97BE3796

Төтенше жағдай кезінде әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық жасау, әкімшілік жауаптылық пен қылмыстық жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Бір сәтте келушілер санын 50 адамнан асырып жұмыс істеуге белгіленген тыйым болуына қарамастан, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, 22 наурызда Оралдағы бір мейрамхана иесі көпшілікке арналған іс-шара өткізді.

Мейрамхана иесіне қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 476-бабының 6-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, әкімшілік сот мейрамхана иесін 10 тәулікке әкімшілік қамаққа жіберді.

Жалпы ағымдағы жылдың  25 наурызындағы жағдай бойынша БҚО-да төтенше жағдай режимін бұзудың 14 фактісі орын алды, ол үшін 8 тұлғаға қатысты соттармен (2-ден 13 тәулікке дейінгі) әкімшілік қамаққа алу шарасы қолданылды.

Оған қоса, коронавирусқа байланысты көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 1 тұлғаға қатысты қылмыстық іс тіркелді.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтардан қабылданған шараларды түсініп, денсаулық сақтау басқармасы мен полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Полицияның мұндай талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген (40 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 10 күнге дейін қамаққа алу).

Санитарлық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін (ӘҚБК 425-бап) қызметін тоқтата тұрып 2000 АЕК дейін, ал бақылаушы органдардың актілері мен талаптарын орындамағаны үшін (ӘҚБК 462-бап) қызметін тоқтата тұрып 500 АЕК дейін әкімшілік айыппұлға әкеп соғады.

Сонымен бірге шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға және арандатушылыққа берілмеуге шақырамыз.

Ағымдағы жағдай туралы шынайы ақпарат www.coronavirus2020.kz. ресми Интернет-ресурсында жарияланған.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале