26.01.2022, 16:00
Оқылды: 62

​Елімізде ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді

Қазіргі уақытта елімізде 57 ішкі бағытта 605 ішкі тұрақты әуе рейсі орындалады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

photo_93328

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі қалпына келтірілген ішкі рейстер бойынша ақпарат жариялады.

"Ел аумағында төтенше жағдай режимінің алынып тасталуына байланысты ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта 57 ішкі бағытта 605 тұрақты рейс орындалып жатыр", - делінген ведомствоның хабарламасында.

 Министрліктің мәліметінше, төтенше жағдай кезінде ұшпай қалған әуе рейстерінің жолаушылары билет құнын толықтай қайтарып немесе сатып алған жерлеріне барып, басқа күндерге тегін ауыстыра алады.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес әуе рейстері Қазақстан Республикасының Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес орындалады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале