Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінгі таңда Қазақстанның 700 мыңнан астам студенті жасанды интеллект (ЖИ) саласында базалық білім алып шықты.

Фото: istockphoto.com
Арнайы AI-Sana бағдарламасына 106 жоғары оқу орны қатысып, 442 ЖИ-агенті әзірленді.
Сондай-ақ отандық ЖОО-ларда ChatGPT Edu жобасы жүзеге асырылып жатса, 2026 жылы Қазақ зерттеу жасанды интеллект университеті — QAIRU өз жұмысын бастайды.