27.07.2026, 19:00
Оқылды: 5

​«Ұлттық қолөнер мектебі»: 208 оқушы үздік шеберлерден тегін сабақ алады

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Астанада Креативті индустрияларды дамыту қоры бастамашылық еткен «Ұлттық қолөнер мектебі» білім беру жобасы басталды.

IMG_20260727_181458_924

Фото: madenietaqparat

Балалар мен жастар арасында қазақтың қолөнер дәстүрін сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуді көздейтін бұл бағдарлама аясында еліміздің түкпір-түкпірінен іріктеліп алынған 208 оқушы белгілі қолөнер шеберлерінен тегін сабақ алады. Жобаға тәлімгер болуға 331 шебер өтінім беріп, оның ішінен үздік 10 маман таңдап алынса, оқуға түскен 450-ден астам өтінімнің ішінен ең талапты 208 бала іріктелген.

IMG_20260727_181452_587

​Шілденің 27-сі мен тамыздың 12-сі аралығында өтетін сабақтарда оқушылар ұлттық қолөнердің он бағыты, соның ішінде зергерлік өнер, киіз басу, керамика, сүйек ою, кілем тоқу, тері мен ағаш өңдеу сияқты сирек кездесетін түрлері бойынша білім алады. Тәжірибелік шеберлік сағаттары форматында өтетін сабақтарға қажетті барлық құрал-жабдық пен материалды ұйымдастырушылар тегін ұсынады. Бұл бастама оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдап, болашақ мамандығын таңдауға бағыт береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале