6.12.2023, 17:30
Оқылды: 55

1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері қаншалықты өзгереді

Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық бюджет туралы заңға қол қойды. 2024 жылы ең төменгі зейнетақы мен жалақы мөлшері қаншаға өсетіні анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 акша

Сонымен Республикалық бюджет туралы заңға сәйкес 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтарды төмендегідей өзгерістер күтіп тұр. Атап айтқанда:

  • ең төменгі жалақы — (2023 - 70.000 тг) 85.000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — (2023 - 21.907 тг) 28 мың теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері – (2023 - 53.076 тг) 57 мың теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш — (2023 - 3.450 тг) 3692 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы — (2023 - 40.567 тг) 43 мың теңгені құрайды.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале