20.08.2021, 17:42
Оқылды: 397

10 балаға оқу құралдарын табыс етті

Бүгін «Nur Otan» партиясының ғимаратында «Мектепке жол» акциясы шеңберінде Орал қалалық мәслихатының депутаты Жанна Кенжина әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасына мектепке қажетті сөмкелер мен тағы басқа оқу құралдарын табыс етті.

25

– Жылдағы дәстүр бойынша «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы бойынша облыстағы көмекке ділгер 100 оқушыны мектепке даярлауды бастап кеттік. Қазіргі таңда бізді облыстық, қалалық мәслихат депутаттары қолдауда. Акция барысында оқу құралдарымен қамтылмаған балаларды анықтап, оларға оқуға дайындық кезеңіне көмек көрсетудеміз. Мұқтаж отбасылардың арасында үш баласы бірдей мектепке баратындар да кездеседі. Сондықтан оларға барынша көмектеспек ниетпен осы акцияны ұйымдастырудамыз. Тап қазір өткізіліп отырған кезекті акциямызды Орал қалалық мәслихатының «Nur Otan» партиясы атынан сайланған депутат Жанна Кенжина қолдап, мұқтаж отбасыларының балаларына көмек қолын созды. Біздің бастамамызды қуаттап, хабарласып жатқан кәсіпкерлер де табылды. Солардың көмегімен акцияны одан әрі жалғастыратын боламыз. Көмек көрсетуге ниет білдіргендердің бізбен хабарласуына болады. Бүгінгі шараны қосқанда 30 балаға көмектестік, алда 100 балаға қолдау көрсетеміз, - деді «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев өз сөзінде.

26

Орал қаласындағы №24 мектептің әлеуметтік педагогы Гүлзат Өтесінова Орал қалалық мәслихатының депутаты Жанна Кенжинаның ұйымдастыруымен аталған оқу орнындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан 10 баланы оқу құралдарымен қамтамасыз етіп жатқанын баян етті.

– Мектебіміздің мұғалімдері мен ата-аналардың атынан Жанна Тәжіғұлқызына алғысымызды білдіреміз, - деді ол бізбен әңгімесінде.

 

                                                                               Нұрым Нұрманов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале