Биыл елімізде алғаш рет ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен шахматтан республикалық олимпиада өтеді. Оған ел бойынша қала, аудан, облыстық іріктеу кезеңдерінен өткен 2-11 сынып аралығындағы 100-ге жуық оқушы қатысады, деп хабарлады Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының басшысы.
Республикалық кезең 1 мен 5 сәуір аралығында Астанада өтеді. Олимпиада Халықаралық шахмат федерациясының ережелері бойынша рапидтік (командалық) форматта өтеді. Жеңімпаздарға жүлде қоры 500 мың теңге.
«Мемлекет басшысының қолдауымен «Мектептегі шахмат» жобасы жүзеге асырылды. Шахмат қозғалысын одан әрі қолдау мақсатында биыл оқушылар арасында шахматтан олимпиада басталды. Мектепішілік кезеңде 319 мыңнан аса оқушы қатысып, үздіктер елордада бақ сынайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, кубоктармен және дипломдармен марапатталады»,– дейді Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Сағдат Садықов.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиада еліміздегі шахмат қозғалысын дамытуға ықпал етеді. Жоба алдағы уақытта мектеп спорты аясындағы маңызды шаралардың біріне айналады.
17:157.06.2023
Ақтөбелік мұғалім ерекше балаларға өзі ойлап тапқан әдіс арқылы домбыра үйретіп жүр
12:002.06.2023
Жеті өңір мектеп автобустарымен 100% қамтылған
14:4629.05.2023
Петропавлдық ұстаз Қазақстан тарихы бойынша мобильді қосымша жасап шығарды
17:1626.05.2023
Абай облысының оқушысы қой шаруашылығын автоматтандыру жобасын әзірледі
7.06.2023, 17:15
2.06.2023, 12:00
26.05.2023, 17:16