12.03.2020, 11:28
Оқылды: 58

13-14 наурыз күндері Батыс Қазақстан облысында «Жолда қабылдау» мобильді акциясы өтеді

       Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Е.Тургумбаевтың тапсырмасы бойынша халықпен кері байланысты орнату және полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 13-14 наурыз күндері Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарында «Жолда қабылдау» мобильді акциясы өтеді.

приемная на дороге

Қала орталығында және барлық аудандарда әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметтерінің басшылары азаматтарды қабылдайды.

Барлық аудандарда арнайы жабдықталған автобустар болады. Осы мобильдік қабылдау кезінде тұрғындар полиция қызметкерлерінің заңсыз іс әрекеттеріне шағымдана алады және полиция тарапынан көрсетілетін мемлекетік қызметтер туралы ақпарат алып, ішкі істер огандарының цифрлық мүмкіндіктерін пайдалана алады. Тұрғындарға қолайлы болу үшін бұл арнайы автобустарда процессинг орталығы, жол және техникалық бақылау және әкімшілік практика бөліністерінің басшылары да жұмыс істейтін болады.

Акция 13-14 наурыз аралығында Орал қаласы Пугачев көшесі 45 мекенжайы бойынша БҚО ПД фронт-кеңсесінде және  Ш.Айталиев көшесі 10 мекенжайы бойынша Орал қ. ПБ фронт-кеңсесінде сағат 10.00-ден сағат 19.00-ге дейін жалғасады. Осы күндері 98-40-18, 8-775-688-78-28 телефондары жұмыс жасайды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале