19.04.2024, 17:15
Оқылды: 121

15 кәсіпорынның өнімі экспортқа шығып жатыр

Ақ Жайық өңірі әлемге кө­мірсутек шикізатының ірі экс­порттаушысы ретінде белгілі. Қазіргі уақытта облыста шама­мен 15 экспорттаушы компа­ния жұмыс істейді. Олардың  ішінен трансформаторларын (93,8%) Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Армения және Грузия нарықтарына шығара­тын «Орал трансформатор за­уыты» ЖШС компаниясын ал­дымен атап өтуге болады.

coffee-1154356_1280

Фото: pixabay.com

«Желаев нан өнімдері комбинаты»  АҚ ұн, макарон өнімдерін (44%)  Ресей Федерациясына, Ауғанстанға және Түрікменстанға өт­кізеді. «Кублей» ЖШС ет пен ет қалбырларын (50%) Ресей Феде­рациясына, Қырғызстанға, Тү­рікменстанға, Тәжікстанға, Иранға экспорттайды. «Стеклосервис» ЖШС екі қабатты те­резелерін (31,3%) Ресейге, Та­тар­станға, Башқұртстанға, «Квант» ЖШС жиһаз өнімдерін (2%) РФ, Тәжікстан, Армения, Қырғызстан және Өзбекстан нарықта­рына, «Орал сауда-өнеркәсіп  компаниясы» ЖШС-ындағы по­лиэтилен құбырларды РФ,  Өз­бекстан, Қырғызстан мемле­кеттеріне, «Белес-Агро» ЖШС ас­тықты (35%) Ресей Федерация­сына, БАӘ-ге, Түрікменстанға, Ауғанстанға, «Теректі-май-ком­бинаты» ЖШС күнбағыс майын (45%) Қытайға, Өзбекстанға, Тәжікстанға және басқа елдерге шығаруда.

Өткен жылғы қазан айында «Packaiging systems» ЖШС ұсақ өнімдерді тасымалдайтын биг бэг өндірісі іске қосылған. Жылына 5 млн бірлік биг бэг өндіретін кәсіпорын өнімдерін 100 пайыз экспортқа бағыттаған. Өнімдері Польша, Бельгия, Ұлыбритания, Франция, Египет, Марокко және басқа да елдерге экспортталады.

2023 жылдың қорытын­дысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт  көлемі 280,3 млн АҚШ долларын құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 17%-ға жо­ғары, оның ішінде технологиялық күрде­лілігі орташа экспорт көлемі – 69,6 млн АҚШ доллар және жоғары технологиялық күрделі экспорт шамасы 148,1 млн АҚШ (137,8%) болды.

Гүлбаршын Дыбысқалиқызы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале