26.08.2022, 17:30
Оқылды: 78

17 мыңнан астам тұрғынды алдаған: Атышулы "Гарант 24 ломбард", "ЕSTATE ломбард" және "Выгодный займ" ісі бойынша сот үкімі шықты

Ақтөбеде "Выгодный займ", "Гарант 24 ломбард", "Эстейт Ломбард", "Нур-Али Капитал" ЖШС-ын құрып, 17 мыңнан астам салымшының ақшасын алған қылмыстық топқа үкім шықты. Қылмыстық топ құрғандар 18 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

11

№2 Ақтөбе қалалық соты "Гарант 24 ломбард", "Эстейт Ломбард", "Нур-Али Капитал" ЖШС-ін құрған топқа үкім шығаруды бүгін бастады. Журналистер үшін арнайы орын белгіленгенімен, сотталушылар мен қорғаушылардың, жәбірленушілердің саны көп болып, үкім қоныс колониясында оқылды.

Іс материалына сүйенсек, Қылмыстық кодекстің "Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет", "Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету", "Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу", "Алаяқтық" баптары бойынша айып тағылды.

Сотталушы Ж. Есіркепов 2018 жылы Ақтөбе қаласында "Выгодный займ", "Гарант 24 ломбард", "Эстейт Ломбард", "Нур-Али Капитал" ЖШС-ны ашып, адамдардың сеніміне кіріп, ақша жымқырған. Салымшыларға 30 миллиард теңгеден астам шығын кілтірген.

Барлығы 48 сотталушының ісі 3 786 томнан тұрады. Еліміздің барлық облысынан тұрғындар алданып, 17 мыңнан астам салымшы зардап шекті. Сот отырысы кезінде сотталушылар Ж. Есіркепов, Н. Танбашев, А. Тойчиева өз кінәсін ішінара мойындап, жәбірленушілерден кешіріп сұрады. Ал өзге сотталушылар кінәсін мойындамай, өздерінің жалдамалы жұмысшы екенін айтты.

"Ж. Есіркепов, Н. Танбашев айыпты деп танылып, түпкілікті 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілсін. Олар қаржы, коммерциялық ұйымдарда 10 жыл басқарушы қызметін атқара алмайды. Мүлкі тәркіленеді", - деді судья Сейфулла Тасымбетов.

Ал, сотталушы А. Мырзабеков 16, Д. Князбаева 13 жылға бас бостандығынан айырылды.

Н. Аманғалиев, Ж. Елтаев, Э. Жансүгіров 12 жылға, А. Құлниязов, С. Мырзабеков, М. Рахымбаев, Н. Елеуов 11 жылға сотталды.

А. Кубиев, А. Сексенбаев, А. Қуанышұлы, Д. Кәдірберген, А. Нұржан, А. Ағиев, Ю. Афонин, Е. Акишев 10 жылға, С. Бекмұхамбетов, Л. Рамадинов, Б. Мырзабеков, А. Нурметов, Э. Юлдашев, Ә. Ысқақов, А. Айтмағамбетов, Д. Черикбаев, А. Бакасуов, Л. Арыстанова, А. Бәймен, А. Тойчибаева 9 жылға, А. Ситинова, З. Конырбаева, Д. Хайров, А. Қанат, С. Қанатбаев, Қ. Әділов, Д. Казиев, Е. Мустафинов, Г. Баймуканов, Р. Абдурахимов, С. Мырзахметов 8 жылға, К. Абдиева, Г. Адилова, Е. Кайбаров, А. Канапьянов, И. Иванова, Е. Хамзин 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бәрі де 10 жыл бойы қаржылық, коммерциялық ұйым басқару құқығынан айырылды.

Айта кетейік, бүгін сот үкімінің бір бөлігі ғана оқылды. №2 қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкім шамамен апта бойы оқылуы мүмкін. Келесі сот үкімі 31 тамыз күні жария етіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале